Адай жылқысы асыл тұқымды мәртебесіне ие болды
Адай жылқысы асыл тұқымды мәртебесіне ие болды
Бүгін Адай жылқысына ресми мәртебе беріліп, арнайы патент алды,деп хабарлайды mangystaumedia.kzАйта кетейік, адай тұқымды қазақ жылқысын асыл тұқымды ретінде тану мақсатында арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік инспекция комитетінің бұйрығымен құрылған комиссия аймақтың барлық аудандарын аралап, 1400-ден астам адай жылқысының деректерін жинады. Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты заманауи технологияларды пайдалана отырып, жылқылардың генетикалық құрылымын ғылыми сынақтан өткізді.Содан кейін мемлекеттік комиссия осы тұқымның мәртебесі туралы патентті бекіту және алу үшін ауыл шаруашылығы министрлігіне және ҚР Әділет министрлігіне жіберілетін акт жасады.Адай тұқымы жылқыларына асыл тұқымды мал мәртебесін беру шеңберінде бірнеше шаралар ұйымдастырылды.Арнайы комиссиямен кездескен аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев та осы мәртебені алудың маңыздылығын көтерген еді.“Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз Адай жылқысына дербес жылқы тұқымы мәртебесін беру үшін бірлесіп үлкен жұмыс жасадық. Президенттің тапсырмасы бойынша біз адай тұқымды қазақ жылқысын Қазақстанның ұлттық брендіне айналдыруға тиіспіз. Адай жылқысына мемлекеттік мәртебе беру, облыс үшін де жалпы еліміз үшін де бірқатар артықшылықтар береді”, - деген болатын. Енді ол бренд ретінде жеке өзінің Адай деген құжатымен дүниежүзіне шығады. Айта кетейік қазір ел аумағында Адай тұқымына жататын 116 мың бас жылқы бар.