Әлеумет

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

Қысқы демалысқа байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларының өміріне барынша араласуға шақырады, деп хабарлады Arainfo тілшісі Халық үніне сілтеме жасап.

Егер балада араласатын ортасы өзгерсе, достарымен сөйлесу немесе хат алмасу кезінде жаңа түсініксіз сөздер пайда болса, телефонда, мессенджерлерде геолокациялары бар белгілер, фотосуреттер, телефон нөмірлері, интернет-сайтқа сілтемелері бар жазбалар немесе сандар жиынтығы, белгісіз заттары бар түрлі-түсті орама болса, ата-ана күдіктенуге тиіс. Еске сала кетсек, есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, есірткіні сатқаны үшін 14 жастан басталады.