СҰРАҚ СІЗДЕН, ЖАУАП БІЗДЕН
СҰРАҚ СІЗДЕН, ЖАУАП БІЗДЕН
– Жедел жәрдем қызметіне бұған дейін де талай сын айтылып келді. Бір ғана мысал айтайын. Бұрын жедел жәрдем көмегіне сүйенген тұрғынның қоңырауы орталыққа түскен соң, хабарласушының хабарламасы жергілікті жердегі дәрігерлік мекемеге жіберілетін. Сонда науқасқа дәрігер мүмкіндігінше тезірек жететін еді. Ал қазіргі жүйе бойынша облыс орталығынан ауданға, ауданнан ауылдағы дәрігерлік мекемеге хабарлап, ол маман науқасқа жеткенше біршама уақыт өтеді. Қайтадан бұрынғы жүйеге неге көшпеске? Мұншама қиындатқаннан мүмкіндігінше жеңіл жолдарын қарастыруға неге ұмтылмаймыз?
Бекназар ҚИЛЫБАЕВ, Қордай ауданы
– Жедел медициналдық жәрдем стансасы (ЖМЖС) бекітілген міндетіне қарай науқастың жағдайына байланысты жету ережелері бар. Диспетчері қабылдаған шақыртулар қағидаға сәйкес 4 жеделділік санатына бөлінеді. Атап айтсақ, бірінші жеделділік санатындағы шақырту. Ол өміріне тікелей қауіп төндіретін, жедел медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациентке жылдам жету. Екінші жеделділік санатындағы шақырту – өміріне медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі. Үшінші жеделділік санатындағы шақырту – денсаулығына медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жағдайы. Төртінші жеделділік санатындағы шақырту – жіті ауруынан немесе созылмалы ауруының асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен болған және айқын көрінетін бұзылуларынсыз пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін пациенттің жай-күйі. 1,2,3-жеделділік санаттарының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМЖС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды ЖМЖС фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына береді. 4-жеделділік санатының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМКС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды медициналық санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы жанындағы жедел медициналық көмек бөлімшесінің фельдшерлік бригадаларына береді. Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалардың ЖМЖС диспетчерінен шақыртуды қабылдаған сәттен бастап, пациенттің тұрған жеріне дейін жету уақыты да белгіленген. Мысалы, 1-жеделділік санаты он минутқа дейін, 2-жеделділік санаты он бес минут, 3-жеделділік санаты отыз минут, 4-жеделділік санаты алпыс минутқа дейінгі уақытты құрайды. ҚАЛАЛАР ЖАС МАМАНДАРМЕН ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАМТЫЛУДА? Денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті мәселе – маман тапшылығы. Мұндайда маман жетіспеушілігінің зардабын халық тартатыны белгілі. Мәнді мәселенің оң шешілуі үшін елімізде «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы енгізіліп, нәтижесінде елді мекендер қажетті мамандармен қамтылуда. Жас мамандардың аймақтарға келуі қарапайым халық үшін қолайлы. Алайда аталған бағдарламаның игілігін облысымыздағы Шу, Қаратау, Жаңатас секілді моноқалалар көріп отырған жоқ. Аталған аймақтардың «Қала» статусы бағдарлама шарапатын көруге кедергі келтіруде. Ал енді шағын қалаларды медицина саласының жас мамандарымен қамту жұмыстары қалай жүргізілуде? Жалпы биыл облысымызға қанша жас маман келеді?
Тоғжан ШЫНЫБЕК, Қаратау қаласының тұрғыны
– Облыста жыл басынан бері дәрігерлер тапшылығы 2021 жылмен салыстырғанда 1,5 есе төмендегенімен дефицит сақталуда. Қазіргі уақытта аудандарға 125, оның ішінде 61 маман қажет. Кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында жергілікті бюджеттен гранттар бөлінеді. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органның грантымен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина универитетінде 32 студент, 50 дәрігер резидентурада оқиды. Ағымдағы жылы өңірге жергілікті атқарушы органның грантымен резидентурада оқып, бітірген 16 дәрігер жұмысқа келеді. Оның ішінде 2019 жылы түскен 8 акушер-гинеколог, 4 анестезиолог-реанимотолог, 2020 жылы түскен 2 неонатолог, 2 невропатолог дәрігер бар. Дәрігерлер қажеттілікке қарай аудандарға жұмысқа жолданады. Сонымен қатар мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен медицина кадрларын даярлауға ҚР ДСМ-ге тапшы мамандықтар бойынша 70 резидент оқытуға тапсырыс берілді. Одан бөлек, 2022 жылы жергілікті атқарушы органның грантымен 30 дәрігерді резидентурада оқыту жоспарланды. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының шеңберінде өңірдің ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне 2022 жылға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 64 маманға 800 мың теңге көлемінде ақшалай көтермеақы бөлінді. Денсаулық сақтау саласының 81 қызметкеріне (2021 жылы-58) республикалық бюджет есебінен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 1500 АЕК аспайтын сомада бюджеттік кредит бөлінді. Жамбыл облысында Шу, Жаңатас, Қаратау қаласына жұмысқа орналасқан жас мамандардың жұмыс орны «Қала» статусының болуына байланысты барлық әлеуметтік көмектерден шеттетілуде. Аталған жағдай мамандардың ауылдық жерден кетуіне және мамандар тапшылығының одан әрі ұлғаюына әкеледі. Бұл сұрақ облыстағы кейбір өзекті мәселелер бойынша жасалған іс-шаралар жоспарына енгізіліп, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қолдау көрсету үшін ұсыныс хат жолданған болатын. Алайда аталған мәселе қолдау тапқан жоқ. Қала мәртебесі бар Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларына келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі аудан әкімдіктерінің тұрақты бақылауында. Сонымен қатар аудан әкімдіктер тарапынан келетін мамандарға коммуналдық қызметтерге, отын, су, көмірге арналған шығындарды өтеуге көмек (5 АЕК мөлшерінде) түрлері қарастырылған. Талас ауданына келген жас мамандарды қажеттілігіне қарай тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланды. Қордай ауданы әкімдігі тарапынан жалдамалы пәтерді қажет ететін мамандарға бірінші жұмыс істеген жылға ай сайынғы жалдау қаражаты төленеді. Тараз қаласы бойынша қолдау шаралары қарастырылмағанымен, қалаға жұмысқа келген мамандарды тұрақтандыру мақсатында медициналық ұйымдар қолдау шараларын көрсетуде, Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы жас мамандарға 1 миллион теңге көлемінде үстемеақы төлеуді жоспарлады. Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы, Жамбыл облыстық қан орталығы келген жас мамандардың пәтер ақысын төлеу шығынын қарастырған. №7 қалалық емханасы жас мамандарға жалға берілетін тұрғын үй және жер учаскесін бөлу мәселесі туралы Тараз қаласы әкімдігімен бірлесіп жұмыс атқаруда. Бүгінгі күнге өңірге 23 жас маман келді. 5 жас маман қалада, 18 жас маман аудандарда. Жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында ауылдық жерлерге жұмысқа келген мамандарға қаралған қолдау шаралары бойынша республикалық бюджет есебінен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 1 500 АЕК аспайтын сомада бюджеттік кредитке 1 жас маман құжаттарын өткізсе, алтауы бас тартты, 100 АЕК тең сомада көтерме жәрдемақыға 1 жас маман құжаттарын өткізді, екеуі алды, үшеуі бас тартты. Жергілікті бюджет есебінен 800 мың теңге көлемінде ақшалай көтермеақыға 3 жас маман құжаттарын өткізді, 15 жас маман алды. Ауданға келген жас маманның қажеттілігіне қарай 1 жас маман қызметтік пәтермен қамтамасыз етілді. КІМДЕР МЕМЛЕКЕТТІҢ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ? – Науқастардың жағдайына қарай мемлекет тарапынан тегін медициналық қызметпен сақтандырылатынын білеміз. Алайда мұндай қызметтің кімдерге тиесілі екенінен бейхабармыз. Біраз жылдан бері қолданысқа енген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша кімдер мемлекеттен тегін медициналық қызмет ала алады?
Құралай ЕРБОЛҚЫЗЫ, Жамбыл ауданы
– Қазір тұрғындарға емханаға барып, сандалып жүрудің қажеті жоқ. Себебі «Damumed» қызметі арқылы онлайн түрде алдын ала дәрігердің қабылдауына жазылып, кезек күтпей, емханадан тиісті медициналық көмек түрін алуға болады. Балаларды емдеу үшін облыстық немесе қалалық мекеме деп бөліп-жармайды. Себебі бүгінде бір ғана облыстық балалар көпбейінді ауруханасы бар. Яғни барлығы бір мекемеге біріктіріліп, бір орталықта медициналық көмек түрлері көрсетіледі. Егер пациент тегін берілетін дәрілер тізімі бойынша есепте тұрған болса, оған дәрісі міндетті түрде беріледі. Дәрігер тағайындама жазғанда дәріханадан алынатын дәрінің аналогын (ұқсас түрін) жазуы мүмкін, яғни қайсысы болса да, құрамы бірдей. Мұндай жағдайда дәрігердің ұсынысымен басқа ұқсас түрін де пайдалануға болады. Егер азамат медициналық сақтандырылған болса, тіркелген емханасының келісімшарт жасасқан клиникасына емхана жолдамасымен барып, тегін қаралуына, медициналық талдаулар жасауына және сол мекеменің медициналық құрылғысына (КТ, МРТ) барып, одан тегін өте алады. Бүгінде облыста 10 МРТ аппараты бар. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүй есінде сақтандырылған адамдар медициналық көмектің кеңей тілген спектріне ие болады. Ол қызметтерге профилактикалық медициналық тексерулер, учаскелік дәрігердің нұсқауы бой ынша арнай ы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі, созылмалы дертке шалдыққан жандардың бей інді мамандардың бақылауында болуы, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету, диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ), мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек, медициналық оңалту, стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кіреді. Мемлекет есебінен сақтандырылған жеңілдікті санаттарға 18 жасқа дейінгі балалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, бала үш жасқа толғанға дейін оны тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға, сондай-ақ баланы үш жасқа толғанға дейін күтуге байланысты демалыста жүрген адамдар жатады. Сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар, бала кезінен мүгедектерге күтім жасаушылар, мүгедектер, зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлері мемлекет есебінен сақтандырылған жеңілдікке ие бола алады. Бұдан бөлек орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар, жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар, жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жұмыс істемейтін оралмандар, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар, тергеу изоляторларындағы адамдар жатады. Осы санаттардың біріне жататын, бірақ сақтандырылмаған азамат болса, растайтын құжаттардың тізімін жинап, оларды ХҚКО-ға ұсыну қажет. Ақпаратты растау үшін мемлекеттік органдарға жіберілетін болады. Барлық қажетті рәсімдерден кейін мемлекет ол үшін жарна төлейді және «сақтандырылған» мәртебесі жеңілдікті санаттағы өкіл ретінде берілетін болады. Енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жағдайында тегін қандай медициналық көмектер алуға болатынына тоқталайық. МӘМС жүй есінде сақтандырылған адамдар аталмыш сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңей тілген спектріне ие болады. МӘМС қандай медициналық қызметтерді қамтитынын атап өтсек. Профилактикалық медициналық тексерулер, учаскелік дәрігердің нұсқауы бой ынша арнай ы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі, созылмалы дертке шалдыққан жандардың бей інді мамандардың бақылауында болуы, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету, халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету. Және диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ), мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек, медициналық оңалту, стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. ТІСТІ ТЕГІН ЕМДЕТУГЕ БОЛА МА? – Аурудың жақсысы жоқ. Әсіресе тіс ауырғанда жаныңды қоярға жер таппайсың. Тіпті шыдау қиын. Сондықтан сол сәтте жұмыс істеп тұрған стоматологияға жүгіріп, ақысына қанша сұраса да ауру тістен құтылғанша асығасың. Бір қызығы тіс ауруы соншалықты жан шыдатпас болса да ауру деп саналмайтын болса керек. Себебі денсаулық парағы ашылмайды. Ең болмаса, тісті емдету міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға кіре ме?
Әсел БОЛАТҚЫЗЫ, Тараз қаласының тұрғыны
– Жамбыл облысында халыққа көрсетілетін стоматологиялық қызмет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясына кіреді. Халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысандағы стоматологиялық көмек арнайы тізбеге сәйкес жүргізіледі. Шұғыл стоматологиялық көмекке жататын халықтың санаттарына 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, ҰОС ардагерлері, 1,2,3 топтағы мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жасы бойынша зейнеткерлер, инфекциялық, әлеуметтік маңызы бар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратындар, мүгедек баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекті күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар кіреді. 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер МӘМС қаражаты есебінен жоспарлы стоматологиялық көмек ала алады. Басқа жағдайларда стоматологиялық көмек ақылы негізде көрсетіледі. Медициналық көмек көрсетуге қарамастан жоспарлы немесе шұғыл көмек пациенттің жазбаша ақпараттандырылған келісімі арқылы жасалады. Ол емделушіге емдеу әдістері, емдеу кезіндегі ықтимал асқынулар мен салдарлар туралы ескертілгендігін білдіреді. Медициналық көмек ақылы негізде көрсетілген жағдайда міндетті түрде медициналық көмек көрсетуге шарт жасасуды талап ету қажет. Стоматологиялық көмек көрсету бойынша негізделген наразылықтар туындаған жағдайда азаматтар ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне жүгіне алады. Хабарласу үшін тиісті телефон нөмірлерін атап айтсақ, МФБК байланыс нөмірі – 8 7262 45-37-69; 87262 45-08-79, ӘМСҚ сall-орталығы – 1406. МФБК аумақтық департаменттерінің байланыс арналарымен МФБК сайтында да танысуға болады.
Сұрақтарға жауап берген –
облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет ҚАЛИЕВ
ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ФИЛИАЛЫ НЕМЕН АЙНАЛЫСАДЫ?Осыдан біраз уақыт бұрын Алматыдағы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің филиалы Тараздан ашылатыны айтылып еді. Шынында қуандық. Алайда ол туралы кейін мүлдем ақпарат естімей қалдық. Қазір жұмыс істеп тұр ма? Қандай мамандарды дайындайды? Осындағы медициналық колледждің базасынан ашылады делінген еді. Жамбыл жоғары медициналық колледжін бітіргендер сол филиалда оқуын жоғары деңгейге жалғастыра ала ма? Мемлекеттік грантпен қанша студент оқып жатыр? Тараздан барып, Алматыдағы университетте мемлекеттік грантпен оқып жүргендер осында келіп, оқуын жалғастыра ала ма? Алматыда басқа мамандық бойынша білім алып жүрген студент Тараздағы филиалына сол мемлеттік грантпен басқа мамандыққа ауысуына бола ма?Аяулым БАЗАРБАЙ, студент
– С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Жамбыл облысы әкімдігі, Жамбыл жоғары медициналық колледжі 2021-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы меморондум бойынша бірлесіп жұмыс істеп келеді. Тараз қаласында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің филиалы бұл жерде барлық студенттерін оқытпайды. Тек интерндер мен резиденттерді тәжірибелік оқытуды облыстың медициналық мекемелерінде жүргізеді. Және дәрігерлердің біліктілігін арттыру бойынша қосымша модель бағдарламасын онлайн және офлайн түрде іске асырады. Жоғары мамандандырылған медициналық біліктілік көмегін С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ға қарасты ғылыми-зерттеу институттарының және ғылыми орталықтары жүргізеді. Яғни шеберлік класы, телемедицина секілді жұмыстар атқарылады. Сонымен қатар резидентура бойынша тәжірибелік дағды облыстағы медициналық ұйымдарда, ал теориялық білім С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың өзінде өтеді. Университетті оқығаннан кейін интернатура, резидентурада грантпен оқу әр түлектің алған бағасына қарай шешіледі. Ал облыста медицина саласындағы мамандардың қажеттілігіне қарай жергілікті грант бөлінеді. Биыл 30 грант беріліп отыр.
Бақыт БЕЙСЕНБАЕВ, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің облыстағы филиалының үйлестіру бойынша директоры