Антикор дендрологиялық жоспар әзірлеуді ұсынды
Антикор дендрологиялық жоспар әзірлеуді ұсынды
Тараз қаласын көгалдандыру бағыты бойынша жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Тараз қаласының аумағында дендрологиялық жоспар жоқ екендігі анықталды. Бұл өз кезегінде қаланың экологиялық жағдайына теріс ықпал етті (заңсыз ағаш кесу, жасыл желектер алаңында құрылыс нысандарын салу және т.б.). Сәйкесінше департамент 2023 жылдың басында әкімдікке Тараз қаласының дендрологиялық жоспарын әзірлеу туралы ұсыныс енгізді. Нәтижесінде қалалық әкімдік дендрологиялық жоспарды әзірлеуге 45,0 млн теңге қаражат бөліп, бүгінгі күні «Ботаника және фитоинтродукция институты» мекемесімен келісім-шарт жасалды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров мәлімдеді.