Әлеумет

«Біреу түшкірсе де баға көтерілетін болды». Сауда министрі себебін түсіндірді

«Біреу түшкірсе де баға көтерілетін болды». Сауда министрі себебін түсіндірді

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанда тауарлар неге жиі қымбаттайтынын түсіндірді, деп хабарлады Arainfo.kz тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Ерболат Сатыбалдин елімізде тауарлардың бағасы көтеріліп жатқанын айтып, министрге сұрақ қойды.

Сіз айтқандай, тауарлар 4-5%-ға емес, еселеп қымбаттап жатыр. Жалпы, біз бағаны қалай бақылап отырмыз?», - деді депутат. Арман Шаққалиев бағаны нарық реттейтінін, бірақ қымбатшылықпен күрес заң аясында жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Әлеуметтік маңызға ие тауарларға келсек, құс еті мен сүт өнімдері бойынша импортқа тәуелділік әлі бар. Ол тапшылықты жою үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі жол картасын іске асырып жатыр. Келесі жылға ұсыныс бар. Мысалы, шығынды субсидиялау. Егер (отандық тауар өндіруші) өзімізде тауар өндіріп сатса, оған біз 15-20% шығынды субсидиялаймыз», - деді министр.