Жаңалықтар

Тараз ст.ЖПб-нің қызмет көрсету аумағындағы теміржолында қауіпсіздік деңгейін және мүліктің сақталуын арттыруға бағытталған   іс-шараларды жүзеге асыру бойынша өткізілген дөнгелек үстөл

Тараз ст.ЖПб-нің қызмет көрсету аумағындағы теміржолында қауіпсіздік деңгейін және мүліктің сақталуын арттыруға бағытталған   іс-шараларды жүзеге асыру бойынша өткізілген дөнгелек үстөл

22.12.2023 жылы Тараз ст.ЖПб бастығы полиция полковнигі О.Родякин, Тараз ст.ЖПб ӘПб бастығы полиция майоры М.Манатов және Тараз ст.ЖПб ӘПб аға инспекторы полиция майоры Л.Копбаевамен «Қазақстан Республикасының теміржолында қауіпсіздік деңгейін және мүліктің сақталуын арттыру бойынша 2022-2024 жылдарға арналған  «Жол картасының» тармақтарының орындалу барысын талқылау үшін,  «ҚТЖ ҰК» АҚ Жамбыл Локомотив пайдалану депосының басшысы Н.Нурсеитовтың және оларға бағынысты теміржол мекеме басшыларының қатысуымен дөңгелек үстөл өткізді. Дөңгелек үстөлде Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру және көлік-транзит секторының көшбасшылық ролін бекіту мониторларды  полиция бөлімдеріне шығара отырып, вокзалдарда, станцияларда, транзит және жинақтау парктеріне бейне-бақылау камераларын орнату, тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету, шұғыл тежеулерді, құрамдардың  графиктік емес тұрақтарын, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды тіркеу мақсатында барлық локомативтерге  бейнетіркегіштерді орнату, теміржолдар арқылы адамдардың қауіпсіз өтуі, адамдардың, малдардың кіруіне жол бермеу мақсатында, тыйым салатын тану белгілерін жаңарту, белгіленбеген орындарда теміржолдарға бөгде адамдардың, малдардың шығуын болдырмайтын қоршаулар орнату мен жөнделуі бойынша  жұмыстардың қандай деңгейде атқарылғаны, шешімін таппай жатқан  өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары және алдағы уақыттарда атқарылатын нақты  іс-шаралардың сұрақтары қарастырылды.   

 

Тараз ст.ЖПб