Әлемде

Ди Каприо Қазақстанға алғысын білдірді

Ди Каприо Қазақстанға алғысын білдірді

Леонардо Ди Каприо Қазақстанда атылып жатқан киіктер туралы әлеуметтік желіде пост жазды, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі. 

«Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Браконьерлермен күресуге, жаңа қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және құқық қорғау органдарына үлкен күш жұмсаған Қазақстан үкіметін құттықтаймын», - деп жазды актер. 2005 жылы ғана 48 мың бас болған киіктің саны қазір 1,9 миллионнан асты. «Қазақстан билігінің табиғатты қорғау ұйымдарымен, университеттермен және ғалымдармен ынтымақтастығы - бірлескен күш-жігерге негізделген табиғатты қорғау саласындағы нақты табыстың жарқын мысалы», - деді Ди Каприо.