Жаңалықтар

ҚАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ

ҚАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ

Қыс айларында міндетті түрде қар жауады. Дала ақ мамыққа оранып, қоршаған орта демде тазара түседі. Сол ақ ұлпа қардың қалай, неден пайда болатыны туралы аз-кем ақпарат бергенді жөн көрдік. Қар әртүрлі формадағы мұз кристалдарынан тұратын атмосфералық жауын-шашын. Ауа температурасы 20ºС-тан төмен болғанда бұлттардан түседі. Қар ұлпасының салмағы бар болғаны 1 милиграмм екен. «Қар неге сықырлайды?» деген сұраққа жауап берер болсақ, ол тек аязда ғана сықырлайды екен. Қар сықырының үндестілігі ауа температурасына да байланысты. Аяз қатты болған сайын қар қатты сықырлай түсетін болады. Қар сықыры – қардың сынған ұсақ кристалдарының бір-біріне үйкелгендегі дыбысы. Егер ол өз-өзімен тыныш тұрса да сықырлайды, бірақ дыбысы төмен болып, бізге естілмейді. Ал егер оны біреу басса немесе үстіне бірдеңе құласа, олардың бәрінің жиынтығы бізге сықырлап естіледі. Ғалымдардың зерттеуінше, жер бетіне жауған әрбір қар қиыршығының ұқсасы да, егізі де жоқ. Тіпті бір-біріне ұқсас екі түйір қар қиыршығы да болмайды екен. Әрбір қиыршық өзіне тән кескінімен ерекшеленеді. «Халықаралық қар және мұз кеңесінің» зерттеуі бойынша, қар қиыршықтары жеті түрге бөлінеді. Олар жұлдызды қиыр­шықтар, ине, таяқшалар тәрізді, жүзуге арналған аяқ киімнің үлгісіндегі түрі, дендрит кеңестігі, шашыраңқы орналасқан таяқшалар тәрізді және құрылымы әртүрлі қиыршық. Тағы бір қызықты дерек, әлемдегі адамдардың тең жартысы қарды әлі көрмеген. Айжан Өзбекова