Жаңалықтар

Қазақстандықтар жеке куәлігін курьер арқылы алуы мүмкін

Қазақстандықтар жеке куәлігін курьер арқылы алуы мүмкін

Қазақстандықтарға жеке куәлігін курьер арқылы табыстау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгін Сенатта «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда мақұлданды.