Әлеумет

Қазір Қазақстанда қанша шетелдіктің жұмыс істеп жүргені белгілі болды

Қазір Қазақстанда қанша шетелдіктің жұмыс істеп жүргені белгілі болды

Қазақстанда 13,8 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 131 адам (29,7%), Үндістан – 1 281 адам (9,2%), Түркия – 1 249 адам (9%), Өзбекстан – 969 адам (6,9%). Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 3 460 адам (24,9%), ауыл, орман және балық шаруашылығында – 1 649 адам (11,8%), өңдеу өнеркәсібінде – 1 300 адам (9,3%), тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 1 266 адам (9,1%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 782 адам (5,6%). 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді. Еске сала кетсек, бұған дейін биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 мың 534 шетел азаматы еңбек ететінін жазған болатынбыз. Қазір олардың қатары 664 адамға азайған.