Жаңалықтар

ЖҰМАТАЙ КӨКСУБАЙҰЛЫ ТОП ЖАРДЫ

ЖҰМАТАЙ КӨКСУБАЙҰЛЫ ТОП ЖАРДЫ

Кеше Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының «Жамбылтану» бөлімінің ұйымдастыруымен «Жамбыл, Кенен ұрпақтары – тәуелсіздікті жырлайды» атты облыстық жас ақындардың жабық мүшәйрасы қорытындыланды. Жыр мүшәйрасына 17-35 жас аралығындағы мектеп оқушылары, колледж студенттері мен жас мамандар қатысты. Мүшәйраға қатысушы жастар тәуелсіздік жайында жүректен шыққан жырларын қазылар алқасына 6 қараша мен 6 желтоқсан аралығында бүркеншік атпен жолдаған. Мүшәйраның ұйымдастырылу мақсаты – ұлтымыздың ұлы ақындары, жыр дүлдүлдері, айтыс өнерінің дарабоздары Жамбыл Жабаев пен Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармаларын насихаттай отырып, тәуелсіз еліміздің өткен тарихы мен бүгінгі жасампаз келбетін паш ету, қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосу. Ең алғашқы сөзді Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Сауран Қалиев алып, жас ақындардың өлеңдерінде еркіндік пен тәуелсіздік ұғымы кеңінен сипатталғанын жеткізді. Одан кейін қазылар алқасы таныстырылды. «Аq jоl» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Хамит Есаман, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Үміт Битенова және ақын, «Аq jоl» газетінің тілшісі Есет Досалы жас ақындарға төрелік етті. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Гүлсезім Нұржанқызы алса, ІІ орынға Елдар Жанұзақ ие болды. Ал І орынды Ғайникен Маралтайқызы жеңіп алды. Бас жүлдеге Жұматай Көксубайұлы лайық деп танылды. Қалған қатысушылар да алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. А.БОЛАТҚЫЗЫ