Жаңалықтар

ЗАҢҒАР ЖАЗУШЫ ЖҰРТ ЖАДЫНДА

ЗАҢҒАР ЖАЗУШЫ ЖҰРТ ЖАДЫНДА

Қазақстан халқы Ассамблеясының Астанадағы Достық үйінде Ш.Айтматовтың 95 жылдығына орай «Шыңғыс Айтматов. Дәуір. Тұлға. Гуманизм» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияны Қазақстан халқы Ассамблеясы Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды. Келелі жиынға ҚХА басшылары мен мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Астанада аккредиттелген елдердің Төтенше және Өкілетті Елшілері, Қазақстан, Қырғызстан, Германия, Ұлыбритания, Вьетнамның қоғамдық және саяси қайраткерлері, ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымының өкілдері қатысты. Алқалы жиынға Жамбыл облысынан «Манас ата» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Абзалбек Меңдібаев барып қатысты. Жиында заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы мен өнегеге толы өмірі бастан-аяқ қазақ халқымен тығыз байланысты болғандығы айтылып, мерейлі датаға орай өткізілетін жиындар жоспары туралы ұсыныстар да талқыланды. «Қоғамдық келісім» мекемесінің ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі