Жаңалықтар

Қысқа-нұсқа

Қысқа-нұсқа

«Багис» ЖШС-ның былығы Ақтауда «Атамекен» тұрғын үй кешенінің аяқталмаған объект салымшыларының сеніп тапсырылған ақшалай қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша «Багис» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық істің тергеуі жалғасуда. Тергеу барысында ЖШС директоры 2017 жылдың наурызы мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау сылтауымен 119 үлескердің ірі көлемдегі 400 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатын иемденгендігі анықталды. ЖШС басшысына қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде, қосымша сот сараптамаларын жүргізу күтілуде, оның нәтижелері бойынша күдіктінің іс-әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға берілетін болады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды. Криптовалютаның «қызығы» Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан криптобиржа арқылы электрондық цифрлық активтер айналымымен заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеген. Алдын ала қорытынды бойынша, 2020 жылдың басынан осы жылдың ақпанына дейін әмиянға криптовалюта түсімдерінің сомасы 205 мың АҚШ доллары немесе 95 миллион теңгеден асты. Күдікті тұлға криптобиржада сатып алушылардың крипто-әмияндарына оның ұлының крипто-әмияндарынан аударымдар арқылы криптовалютаны сатуды жүзеге асыратыны анықталды. АХҚО ақпаратына сүйенсек, аталған тұлғалардың ешқайсысында заңды тұлға ретінде айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензиялары болмаған. Сотқа дейінгі тергеу тіркелді. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағы 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі. сілтеменің бәріне сенуге болмайды Алматы полициясы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, деп хабарлайды Polisia.kz. Киберпол қазіргі уақытта интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін хабарлайды, жәбірленушілер атынан «WhatsApp» мессенджеріндегі аккаунтты пайдаланып, олар қолжетімді барлық контактіге әртүрлі сылтаулармен ақша жіберуді сұрайтын мәтінді жіберіп, үшінші адамдардың жалған шоттарын көрсетеді. «Күдіктілер зиянды сілтеме арқылы «WhatsApp» аккаунтына қол жеткізе алатыны белгілі болды. Осыған байланысты Алматы полициясы азаматтарды, әдетте ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама және тағы басқа түрінде таралатын күмәнді сілтемелерді баспауды және олардың сайтына кірмеуді, сондай-ақ жеке деректерді енгізбеуді ескертеді және шақырады», деді Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. Кездейсоқ күдікті сілтемені бастым деп күмәндансаңыз, «WhatsApp» қолданбасына өтіп, өзгертулер бөліміне кіріп, «байланыстырылған құрылғыларға» өту арқылы «WhatsApp» аккаунтыңызға параллель кіруді тексеруге болады. Ол жерде сіз қосылмаған белгісіз құрылғы көрсетілсе, осы сессиядан дереу шығыңыз. Айласын асыра алмады Ақмолалық тұрғынды алдамақ болған алаяқтардың әрекеті іске аспады, деп хабарлайды Polisia.kz. 19 қарашада полицияға 63 жастағы қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Әйел бірнеше сағат бұрын телефонына, содан кейін «WhatsApp» қосымшасы арқылы өзін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз адамдардан екі қоңырау түскенін хабарлады. Алаяқтардың айтуынша, өтініш берушінің ұлы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған. «Алаяқтар зейнеткерді ұлының қабырғалары сынғанын, сонымен қатар жаяу жүргінші ауыр жағдайда деп қорқытты. Алайда жәбірленуші тарап 300 мың теңге сұрады деп алаяқтар бірден жағдайдан шығуды ұсынды. Қорыққан қала тұрғыны қоңырау шалушыларға мұндай сома жоқ екенін, алайда ол аударуға 200 мың теңге дайын екенін айтты. Қолда бар сомаға келісе отырып, алаяқтар әйелге ақша жіберу қажет болатын абоненттік нөмірді көрсетті», делінген хабарламада. Бірақ кейінірек алаяқтар қателесіп, абоненттік нөмірдің соңғы екі санын дұрыс көрсетпегені белгілі болды. Барлық нұсқауларды мұқият тыңдап, әйел терминал арқылы ақша аударған, содан кейін ғана ұлына оның жағдайы туралы білуге қоңырау шалған. Полицияға жүгініп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізгеннен кейін қызметкерлер ақшаның Алматы қаласының 31 жастағы тұрғынына жіберілгенін анықтады, барлық жағдайды түсіндіргеннен кейін ол ақшаны заңды иесіне қайтарып берді. Ж.БАҚЫТБЕКҰЛЫ