Жаңалықтар

Жамбылдың қандай өнімдері сұранысқа ие?

Жамбылдың қандай өнімдері сұранысқа ие?

Облыстың сыртқы сауда айналымы осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 596,8 миллион АҚШ долларын құрап, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға артты. Оның ішінде экспорт – 30,6 пайызға төмендеп, импорт 23,4 пайызға ұлғайды. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен жасалған 244,5 миллион АҚШ долларын құрайтын тауар айналымы өткен жылға қарағанда 19,7 пайызға кемігенін көрсетті. Оның ішінде экспорт 29,6 пайызға, импорт көлемі 13,6 пайызға азайған. Өңіріміздің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ішінде Ресей Федерациясы және Қырғызстан Республикасымен арадағы тауар айналымы жоғары. Ресей Федерациясымен сауда айналымы өткен жылдың қаңтар-қыркүйегінде 40,1 миллион АҚШ долларын, Қырғызстан Республикасымен 5,2 миллион АҚШ долларын құраған. Ал Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттермен сауда айналымы осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 352,3 миллион АҚШ доллары көлемінде болып, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 11,2 пайызға ұлғайған. Тарқатып айтсақ, экспорт 34,4 пайызға төмендеп, импорт 29,1 пайызға артқан. Оның ішінде Қытай Халық Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикарымен тауар айналымы жоғары. Бұл ретте облысымыздың Қытай Халық Республикасымен сауда айналымы биылғы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 117,1 миллион АҚШ долларына жетсе, Түрікменстан Республикасымен осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1,6 миллион АҚШ долларын құрады. Ал Өзбекстан Республикасымен тауар айналымы 16,1 миллион АҚШ долларына тең. Облыстан көршілес мемлекеттерге негізінен зығыр тұқымы, ұсақталған немесе ұсақталмаған басқа да майлы дақылдардың тұқымдары мен жемістері, мақсары майы, кондитерлік өнімдер, кебек, өсімдік майларын алу кезінде алынатын күнжара және тағы басқа да өнімдер экспортталады. Ал көршілес мемлекеттерден облыс аумағына шай, томат, ниобий, тантал, каустикалық сода, қара металдардан жасалған металл конструкциялар, центрифугалар импортталады. Сондай-ақ ынтымақтас елдерден облысымызға таразы, көтергіш кран, бульдозерлер, ауылшаруашылық дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар мен механизмдер, тракторлар, моторлы көлік құралдары және олардың қосалқы бөлшектері, жеңіл автомобильдер және өзге де тауарлар келеді. Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының баспасөз қызметі