Жаңалықтар

Қысқа-нұсқа

Қысқа-нұсқа

«Туу туралы куәлігі барлар – мүлік» Қазақстандық «Telegram»-чаттарда туу туралы куәлігі барлардың барлығы адам емес, заңды мүлік болып саналады деп жазылды. Құжатты ала отырып, біз барлық құқықтарды мемлекетке беріп, ресми түрде қабілетсіз болады екенбіз. Бұл конспирология екені даусыз. Құжаттар алу адамды меншікке айналдырады және оны құқығынан айырады деген идеяларды енді ғана танымал бола бастаған «Тірі суверен адамдар» қозғалысы шығарған. Ол Қазақстанға Ресейден келген, ал ол жақта басқа «КСРО азаматтары» қозғалысынан пайда болды. Қозғалысқа қатысушылар Ресей Федерациясы да, Қазақстан Республикасы да заңды мемлекеттер емес, корпорациялар деп санайды. Олар осы уақытқа дейін жасырын түрде қызметін жалғастырып келе жатқан Кеңес одағының аумағында құрылған. Бұл ретте «тірі адамдар» қазіргі жағдайда салық, сақтандыру салымдарын, коммуналдық қызметтерді, кредиттер бойынша төлемдерді төлемеуге құқылы және қандай да болмасын қылмыс үшін жазаға тартылмайтынына сенеді. Олар әлеуметтік желілерде бұл туралы жазуға немесе мемлекеттік органдарға тиісті ерік-жігерін білдіру арқылы өздерін тіріміз деп жариялауға тиіс. Олардың қарсыластары «марқұмдар», яғни жеке тұлғалар. Олардың пікірінше, өздерін тірі деп жарияламағандардың барлығы заңды түрде өлген деп саналады және олардың ешқандай құқықтары жоқ. Мұндай идеялар Қазақстанда да, Ресейде де болмаған. Бастапқыда бұл туралы АҚШ-та айтылды. Онда философиясы ұқсас қозғалыс «Жердегі еркін адамдар» (Freemen on the land) деп аталады. Олар туралы тарихшы Михаил Ахметьев өзінің «КСРО-сыз азаматтар» кітабында жазған. Ол АҚШ-та жасалған «сабан тұлыптар теориясын» алға тартады. Оның айтуынша, әр адам қан мен тәні бар тұлғадан және аты-жөні мен деректері бірдей, бірақ құқықтары жоқ заңды «сабан тұлыптан» тұрады. Тұлғаларды заңды түрде «сабан тұлыппен» алмастырады, оларға туу туралы куәліктер, ал АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру нөмірлері беріледі. Бұл теориялардың барлығы бұрыннан бар және бір-бірін қайталайды. Оларды шын деп санауға негіз, сондай-ақ құжаттары бар адамдардың іс-әрекетке қабілетсіз екендігіне дәлелдер жоқ. Адамның туу туралы куәлігінің болуы оны мүлікке айналдырмайды және құқығынан айырмайды. «Oreo» печеньесіндегі символдар «Instagram»-да пайдаланушылар «Oreo» печеньелеріндегі таңбаларды мұқият қарауға шақыратын ақпарат тарады. Бұл тәттіге шайтанның крест және масондық белгілер қойылған екен. Бұл рас па? Анықтап көрейік. «Oreo» печеньесіндегі оккульттік кескіндер туралы теория Қазнетке 9 жыл бұрын тараған ағылшын тілді интернеттен келген. Нүкте, гүл, сызықша ол кезде ежелгі масон қолөнерінің үш дәрежесі деп саналды. Десерттің ортасында тамплиар рыцарларына тән Лотарингтік крест байқалған, ал айналасындағы нүктелер шеңбер бойымен бес бұрышты жұлдызды құраған. Бұл – парамасон орденінің пішіні. Қастандық теориясы фактчекерлердің қызығушылығын оятты. 2017 жылы «Snopes» сайтында үлгілер әлем бойынша ең көп сатылатын қаптамадағы печеньелердің біріне қалай салынғанын анықтады. Десерттің дизайны ондаған жылдар бойы өзгеріске ұшырауда. Алдымен печеньелерге ботаникалық сурет, содан кейін түркептерлер салынды. Қазіргі бейнелер 1952 жылы жасалған суретке көбірек ұқсайды. Ол кезде печеньелерді «Nabisco» компаниясы шығарған. Суретті әзірлеушілердің арасында дизайнер Уильям Тернье бар. АҚШ-тың «Mental Floss» журналы Терньенің баласы Биллден печенье оюларында мағына бар ма деп сұрады. Уильям дін немесе басқа рухани ағындарға сенбейді екен. Ол үшін бастысы десерттің эстетикалық көрінісі болған. Дизайнер төрт жапырақты гүлі бар кұреңоттан шабыт алған. Демек, печеньеде рыцарлардың кресттері емес, әйгілі күреңоттың стильдік бейнесі бейнеленген. Видеода айтылған «шайтан крест» – бұл «Nabisco» компаниясының логотипі. Уақыт өте келе ол өзгертілді, бірақ «антенна» – екі көлденең сызық бір тік сызықты кесіп өтетін сурет қалды. Негізге венециялық баспашының белгісі алынған. Бұл жақсылықтың жамандықты жеңуінің белгісі. Бұл символ жүздеген жыл бұрын пайда болған. «Oreo» печеньелеріндегі суреттердің пайда болуына қатысты қастандық теориясы негізсіз. Бәрін түсіндіруге болады, суреттердің оккульттік ғылымдарға қатысы жоқ. Калдық жеу климатты өзгертпейді Климаттың өзгеруі мен жаһандық жылыну туралы ғылыми дәлелдермен келіспейтін адамдар жаңа фейк ойлап тапты. Дүниежүзілік экономикалық форум климаттық хаосты тоқтату үшін адамдарды өз дәреттерін жеп, зәрді ішуге шақырған екен. Осындай ақпарат «Instagram»-да жарияланды. ДЭФ-ке қатысты мәлімдеме өтірік. Дүниежүзілік экономикалық форумның ресми порталында мұндай үндеулер мен жаңалықтар жоқ. 2014 жылы онда Ноттингем университеті география кафедрасының доценті Сара Джуиттің мақаласы жарияланды. Автор адамдардың қалдықтарын қайта пайдаланудың ондаған жолын келтірген. Мақаланы жазуға Ұлыбританияда жаңа автобустардың желіге шығарылуы түрткі болған. Қоғамдық көлікте отын ретінде ағынды суларды тазарту кезінде пайда болатын биометан пайдаланылған. Жарияланым авторы қалдықтарды жеуге немесе ішуге емес, қолда бар табиғи әлеуетті ұтымды пайдалануға және жаңартылатын энергетика технологияларын әзірлеуге шақырған. Климаттың өзгеруімен күресу үшін көптеген ел ағынды суларды тазарту технологиясын қолданады. Атап айтқанда, АҚШ пен Аустралия. Намибияда 1968 жылдан бері ағынды суды ауызсуға айналдыруда. Бұл өте күрделі процесс. Алдымен суды фильтрден өткізеді, содан кейін тұндырып, осмостан өткізеді және химиялық өңдеуден өткізеді. Нәтижесінде еш қорықпай ішуге болатын су шығады. ДЭФ-тің климаттың өзгеруімен күресу үшін зәр мен нәжісті тұтынуға шақырғаны туралы фейк ақпарат биыл жазда әлеуметтік желілерде тарала бастады. Бұл фактчекерлердің назарынан тыс қалмады. Жалған пікірді «Climatefactchecks.org» цифрлық платформасы, фейктермен күресетін «Srilanka.factcrescendo.com» үнді сайты, күн сайын шығатын америкалық «USAtoday.com» газеті және тағы басқалары жоққа шығарды. Жоғарыда келтірілген дәлелдерге сүйене отырып, таралған ақпарат фейк деуге болады. Жасұлан Сейілханов