Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШі – қоғам айнасы

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШі – қоғам айнасы

Мемлекеттік қызметшінің әдебі – өте маңызды ұғым. Өйткені халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек, адамдар арасында мемлекеттік қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Сондықтан елімізде мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары қалыптасқан. Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуі тегіннен-тегін емес. Қоғамның айнасы саналатын мемлекеттік қызметшілер өз әрекетімен өзгелерге үлгі болуы керек. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар. Яғни қызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдік адамгершілік қасиеттері қатар тұруы қажет. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызмет­шінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс, үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын насихаттауы қажет. Әрқайсысымыз жұмыстан тыс уақытта біз өз іс-әрекетіміз бен мінез-құлқымызға жауапты екенімізді, ал кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатынын есте сақтауымыз керек. Біз, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері активтердің түгел­дігін қамтамасыз етуге және қызметтік міндеттерді атқару үшін сеніп тапсырылған материалдық-техникалық ресурстарды (мүлік, көлік, жабдықтар, кеңсе заттары және тағы басқалары) күтіп ұстауға міндеттіміз. Бізге сеніп тапсырылған ресурстарды барынша ұтымды және тек қызметтік мақсатта тиімділік пен үнемділік қағидаттарына сәйкес пайдалануымыз керек. Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерді, ең алдымен, халықтың үнін естуге, көпшіліктің үніне құлақ асуға шақыруда. «Еститін Үкімет тұжырымдамасының» да басты қағидасы – осы. Мемлекет басшысының бюрократиядан арылу жөніндегі Жарлыққа қол қоюы да осы мәселені біржақты етудің амалы. Яғни мемлекеттік қызметкердің басты міндеті – халыққа адал қызмет. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлердің осы кәсіби міндетіне де адал болуы және азаматтардың мүдделерін бәрінен жоғары қоюы керек және жүктелген міндеттемелерді сапалы орындауды өзінің борышы деп санауы тиіс. Заңғар НҰРҒАЛИ, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің салааралық қадағалау бөлімінің бас маманы