Заң және біз
Заң және біз
Онлайн казино ұйымдарының тізімі жарияланды Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан аумағында онлайн казино қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың тізімін жариялады. Аталған тізім Мемлекет басшысының заңсыз құмар ойындарды өткізуді шектеу туралы тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп құрылды. Тізім қаржылық мониторинг субъектілерінің заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл шеңберінде және өз қызметінде пайдалануы үшін ҚМА порталында орналастырылған. Ол заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыру кезінде қаржы ұйымдарының өнімдері мен қызметтерін пайдалану деңгейін төмендетуге бағытталған. Ойынға тәуелділік адам тағдырын бұзатын қауіпті құбылысқа айналады. Бұл проблема отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың туындауына және басқа да қылмыстық құқықбұзушылықтар жасауға алғышарттар туғызады. 2019-2022 жылдар аралығында 73 жасырын казино жойылып, 2 280 ойын терминалы тәркіленді. Ағымдағы жылдың басынан бері Агенттік қызметкерлері 19 заңсыз ойын мекемесін және 111 ойын терминалын анықтады. Қабылданған алдын алу шараларының арқасында соңғы 5 жылда тіркелген істер санының 5,5 есеге төмендеуі байқалады. Сонымен қатар бүгінгі күні Агенттік заңсыз ойын қызметі (онлайн казино) белгілері бар әлеуметтік желілердегі сайттар мен аккаунттарға 3 мыңнан астам сілтемесін бұғаттаған. ҚМА азаматтардың құқықтарын қорғау және оларды заңсыз құмар ойындарға тәуелділіктен сақтау жөніндегі белсенді жұмысты жалғастыруда. «Мидас» МҚҰ» ЖШС лицензиясынан айырылды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы Өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 2023 жылғы 2 қазандағы №103 бұйрығына сәйкес «Мидас» МҚҰ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан айырылды. Серіктестіктің лицензиядан айрылуына оның «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензия алған күннен бастап қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде қызметті жүзеге асырмауы негіз болып отыр. «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-тармағының талаптарына сәйкес Серіктестік Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді алып тастауы тиіс. Сондай-ақ олардан туындайтын не көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті. Серіктестік лицензиясынан айыру қарыз алушыларды ұйым алдындағы өз міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындау міндетінен босатпайды. Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар Серіктестіктің клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптары бойынша, Серіктестік алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады. «Golden City» МҚҰ» ЖШС қызметін тоқтатты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы Өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 2023 жылғы 2 қазандағы №102 бұйрығына сәйкес «Golden City» МҚҰ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан айырылды. Лицензиядан айыру үшін негіз – «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензия алған күннен бастап қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде қызметті жүзеге асырмау. «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-тармағының талаптарына сәйкес Серіктестік Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді алып тастауы тиіс. Сондай-ақ олардан туындайтын не көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті. Серіктестік лицензиясынан айыру қарыз алушыларды ұйым алдындағы өз міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындау міндетінен босатпайды. Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар Серіктестіктің клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптары бойынша, Серіктестік алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады. Ж.БАҚЫТБЕКҰЛЫ