ЕРІКТІ КӨМІРТЕГІ СТАНДАРТЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
ЕРІКТІ КӨМІРТЕГІ СТАНДАРТЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрілігінде аталған ведомство басшысы Ерлан Нысанбаевтың қатысуымен алғашқы отандық «Qazaq Green Certificate Program» ерікті көміртегі стандартының тұсаукесері өтті. Министр өзінің құттықтау сөзінде шығарындылар саудасының отандық жүйесі экономика салаларының шектеулі санын қамтитынын, осыған байланысты көміртегі ізін азайтқысы келетін көптеген жеке сектор компанияларының мұндай мүмкіндігі жоқ екенін атап өтті. Сонымен қатар ерікті офсеттердің әлемдік нарығы өсуде және болашақта үлкен перспективаларға ие екенін де атап өтті. «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы Мемлекет басшысының 2060 жылға қарай елдің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі алға қойған мақсатының маңыздылығын түсіне отырып, парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі көміртекті офсеттік тетіктердің ерікті стандартын құру және климаттың өзгеруіне қарсы күресте және парниктік газдар шығарындыларын қысқартуда өз үлесін қосу туралы шешім қабылдады. Көміртекті офсеттер климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Олар компанияларға өздерінің көміртегі ізінен тыс декарбонизацияны сақтауға мүмкіндік береді, осылайша компанияның декарбонизациясына көшуді тездетеді. Қазақстан Республикасы сауда жүйесіне кірмейтін жеке компаниялардың ESG қағидаттарына адалдығын растауға және көміртегі ізін көміртегі бірліктерімен жабуға мүмкіндігі жоқ. Осылайша «Qazaq Green Certificate» бағдарламасы жеке және корпоративтік тұлғаларға ерікті офсеттік бірліктерді сатып алу арқылы климаттың өзгеруіне қарсы күреске үлес қосуға мүмкіндік береді. Тұсаукесерге қатысушылар бүгінгі күні Қазақстанда ерікті офсеттік нарық дамымағандығына байланысты компаниялар шетелдік нарықтарға шығуы керек деген пікір білдірді. Өз кезегінде бірінші отандық ерікті офсеттік стандарттың іске қосылуы осы олқылықты толтыруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге өз үлесін қосуға арналған. Кеңес қорытындысы бойынша, қатысушылар «Qazaq Green Certificate Program» ерікті офсетін іске қосу бастамасын қолдады, оның тұсаукесері БҰҰ-ның Дубайдағы Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (СОР-28) тараптарының 28-конференциясы аясында өтеді. Шапағат Әбдір