Жаңалықтар

Таразда «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ашылды

Таразда «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ашылды

Тараз қаласында қарттар мен зейнеткерлерді қолдау, оларға рухани-әлеуметтік көмек көрсету мақсатында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ашылды. Облыс әкімдігінің қолдауымен пайдалануға берілген орталықтың негізгі мақсаты – өңірдегі зейнет жасына жеткен белсенді, өмір жасын ұзартуды көздеген қарт адамдарға мемлекет тарапынан мүмкіндіктер жасау арқылы  денсаулығын қолдау, көңіл күйін көтеру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Орталықтың ашылуына аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев қатысып, жиналғандарды құттықтады.

Өз кезегінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев аға буынның атынан көрсетіліп жатқан қолдаулары үшін мемлекет, облыс басшылығына ризашылығын жеткізсе, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов ақ  батасын берді. Бұдан соң ән-биден шашу шашылып, қонақтар орталықтың бөлімдерін аралап көріп, жұмысымен танысты. Айта кетейік, қазіргі таңда өңірде 131 мыңға жуық қарттарымыз болса, оның ішінде 14 Ұлы Отан соғысы ардагері және 2  мыңнан аса тыл еңбеккері бар. Орталдық директоры Олжас Ақылбаев мекемеде ардагерлер мен зейнеткерлердің бос уақытын жүйелі ұйымдастыру, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, ішкі шығармашылық әлеуетіне жағдай жасау арқылы қоғамның  белсенді өміріне тартуға негізделген қызметтер көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ, мұндағы қызметтер желісінде психологиялық кеңес және тренинг, дәрігердің тағайындауы, физиотерапия, тренажерлер, массаж, тұзды шахта, нуга бест, фито бар, би, йога, шашки, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд, үстел теннисі, тіл оқыту, музыка, қолөнер үйірмелері қамтылған.