Жаңалықтар

Қазыналы қаламгерге құрмет

Қазыналы қаламгерге құрмет

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев белгілі журналист, қазыналы қаламгер, қоғам қайраткері, облыстың Құрметті азаматы Баттал Жаңабаевтың шаңырағына барды. Аймақ басшысы 95 жастағы ақсақалдың өмірі бүгінгі жас буын үшін үлгі-өнегеге толы екендігін атап өтіп, ұзақ жылғы жемісті еңбегін, өңірдің руханият, журналистика саласына қосқан үлесінің мол екендігін айтып, қазыналы қарияға құрмет көрсетті. Өз сөзінде Ербол Шырақпайұлы: «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген қазақтың тамаша нақыл сөзі бар. Аймақтың, еліміздің дамуын өзіндік орны бар бүгін аға буын, қазыналы қарттардың әрбір айтқан өнегелі сөздері, тағылымды іс-әрекеттері, елінің, туған жерінің өсіп-өркендеуіне арнаған өлшеусіз еңбек жолдары, бір сөзбен айтқанда, бүкіл болмысы тұнып тұрған тарих», – деп ізгі лебізін арнады. Ардагер-қаламгер Баттал Жаңабайұлы арнайы уақыт бөліп келген аймақ басшысына ризашылығын жеткізіп, өңірдің алға дамуын, елдің амандығын, тыныштығын тілеп, ақ батасын берді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі