ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ЕЛЕНГЕН КҮН
ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ЕЛЕНГЕН КҮН
Талас ауданында ауылшаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті Ауылшаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні Талас ауданында жоғары деңгейде аталып өтті. Салтанатты іс-шара барысында Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ізгі тілегін арнады. «Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауылшаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан да ауылшаруашылығы – ел экономикасының сәтті дамуына ерекше серпін беріп отырған негізгі драйверлердің бірі екендігі даусыз. Мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асқанының нәтижесінде ауданның өндірістік көрсеткіштерінде тұрақты өсім қалыптасып, ауыл халқының тұрмыс деңгейі көтеріліп келеді. Ауданда 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 18,4 миллиард теңгені құрады. Биыл ауылшаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 14,2 мың гектарға жетті. Малшаруашылығына көрсетілген мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде салада өндірілген ет өнімдері 1,3 пайызға, сүт өнімдері 1,6 пайызға ұлғайды. Ауданда бүгінгі күні даму жоспары аясында 108,9 миллион теңгеге 12 кіші инвестициялық жоба іске қосылып, тұрақты 22 жұмыс орны құрылды. Сiздер қажырлы еңбектерiңiзбен елiмiздiң экономикасының дамуымен қатар, қоғамның әлеуметтiк тұрақтылығының нығаюына, қомақты үлес қосып келесiздер. Сондықтан Сіздердің еңбектеріңіз қашан да үлкен құрметке лайық! – деді Нұрбол Әбдімажитұлы. Жиын аясында аудан әкімі бірқатар сала ардагерлері мен үздік мамандарды ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен және Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен, «Талас ауданына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Құрмет грамотасымен, сонымен қатар аудан әкімінің Алғыс хатымен, сондай-ақ, мәслихат төрағасының Құрмет грамотасымен марапаттады. Салада қажырлы еңбек еткен азаматтарға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйінде өткен мерекелік шара таластық өнерпаздардың концертіне ұласты.