ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТ

0 9

Республикалық «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың көкейінде жүрген көптеген сұраққа нақты жауап берді.

Президенттің айтуы бойынша, 2024 жыл біздің елге айрықша маңызды жыл болмақ. Себебі осы жыл алдағы бес жылдағы дамудың негізі болады.
Қазақстан құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасу жолында нәтижелі қадамдарын жасауда. Сол үшін де Ата Заңымыз – Конституцияға өзгерістер енгізілді. Конституциялық Сот жұмысын бастады. Әрине, жақсы заңдар қабылдауға болады. Негізгі мәселе – оларды орындау. Елімізде «заң мен тәртіп» қағидаты орнығу қажет. Кейбір кезде демократияға байланысты Қазақстанды Америка Құрама Штаттарымен салыстырып жатады. АҚШ бүгінгі демократиялық жүйесіне ғасырлар бойы келді. Біздің егемендік алғанымызға жақында 32 жыл болды. Сондықтан да әр қазақстандық құқықтық және демократиялық мемлекеттің азаматына лайық, Ел Президенті айтқандай, «отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр» болу керек. Осы қасиеттерді ең алдымен бүгінгі жастардың бойында тәрбиелеу маңызды. Әділетті Қазақстанды құру үшін өзіміздің қоғамдық санамыз бен азаматтық ниетімізді өзгерту қажет.
Сананың өзгеруі ұлттық идеологияның дамуына тікелей байланысты. Бізге халқымыздың қуатын арттыратын, толағай табыстарға жетелейтін, жалпыұлттық құндылықтарын дамытатын идеология керек. Осы бағытта зиялы қауым өкілдері өз үлестерін қосуға тиіс. Бәріміз жақсы өмір сүргенді қалаймыз. Олай болса, Президентімізді қолдап, еңбек етуіміз керек.

Махметғали САРЫБЕКОВ,
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.