Дін мамандарына аса қажет оқу құралы

0 40

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының тілдерді оқыту орталығы «Қазақ тілі: дін саласы қызметкерлеріне арналған оқу құралы» оқулығының таныстырылымын өткізді. «Һибатулла Тарази» мешіт-медресесінде өткен іс-шараға облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының тілдерді оқыту орталығының, облыс әкімдігі дін істері басқармасының мамандары мен мешіт имамдары қатысты.

«Бұл оқу құралы қоғамда тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін этностар мен діндердің өзара іс-қимылының орнықты моделін қалыптастыра отырып, мешіт имамдарының ұлтттық-рухани құндылықтар арқылы ислам негіздерін қазақ тілінде игеруіне, сауатты және тиімді қызмет көрсетуіне бағытталған», дейді сала мамандары.
Бағдарлама жасау барысында дін саласының қызметкерлері де жұмылдырылып, оқу құралы мен бағдарламасы Тіл саясаты комитетінің және Дін істері комитетінің сараптамасынан өткен. Бағдарлама бойынша оқу курсы қысқамерзімді 50 сағатқа әзірленген. Таратылымы – 1000 дана.
Оқу құралы жеті модульден тұрады. Алғашқы модульде Әбу Ханифа мәзһабының негізі туралы, дін және оның ұлт тарихындағы орны, діннің негізгі идеясы мен ұстанымдарын қабылдау туралы түсінік, келесі модульдерде ислам бойынша құқықтық негіздер, Құран Кәрім, хадис, мұсылманның парызымен жалғасып, Алла Тағалаға құлшылық етудің маңызы мен мәнімен қорытынды жасалған.
Тыңдаушылар сөйлеу біліктілігін жаттығулар арқылы жетілдіріп қана қоймай, тыңдап түсіну мен оқып түсіну қабілетін де қалыптастыра алады. Сондай-ақ мәтінмен жұмыс барысында грамматикалық элементтер қарастырылып, сөйлеу дағдысын сауатты қалыптастырып, өз ойын нақты, толық жеткізуге бағыттайтын тапсырмалар берілген.

А.Орынбасарқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.