Жамбылда есірткі өсімдігін қар астынан қазып алған күдікті ұсталды

0 38

Жамбыл облысында есірткі өсімдігін қар астынан қазып алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Меркі ауданы Тәтті ауылының маңындағы құмды аумақта жабайы қарасораны жинап, дайындап жүрген 51 жастағы тұрғынды ұстады.

Тінту кезінде одан 3,8 келі кептірілген марихуана тәркіленді.

Ұсталған азаматтың айтуынша, есірткіні жеке пайдалану мақсатында жинаған. Өз ойын іске асыру үшін алдын ала 50 келілік қап сатып алған. Ол қар астынан жабайы шөптің сабақтарын қолмен қазып алып, одан кейін өсімдіктің әр сабағын бөліп жинаған.

Ұсталған адам есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.