Жамбылда заңсыз төленген салық кәсіпкерлерге қайтарылды

0 8

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет салықтық әкімшілендіру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау барысында мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан экология департаменті ұсынған мәліметтерді салыстырусыз 4 санаттағы операторлар болып табылатын кәсіпкерлік субъектілерінен эмиссия үшін ақы алғаны анықталды. Нәтижесінде кәсіпкерлердің заңды құқықтары шектелген.
Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап) қоршаған ортаға ең аз теріс әсер ететін кәсіпорындар (4 санаттағы операторлар) салық төлеуден босатылды.
Алайда, 4 санаттағы операторларға жататын 57 кәсіпкерлік субъектісі 2022-2023 жылдар кезеңінде аталған салықтарды төлеуді жалғастырып келген.
Департаменттің ұсынымынан соң заңсыз төленген 4,6 млн теңге қаражат 57 кәсіпкерге қайтарылды, 4 санаттағы операторлардан эмиссияларды өндіріп алу тәжірибесі тоқтатылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.