Стратегиялық сабақтастық

0 12

Қазақстанның Сербиядағы елшісі Мәди Атамқұлов Халықаралық саясат және экономика институтының басшылығымен кездесу өткізді. Жиын барысында Қазақстан дипломаты әңгімелесушілерді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатының негізгі тұстарымен таныстырып, еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың барысын талқылады.

Институт директоры Бранислав Джорджевичтің айтуынша, Қазақстанның трансформациялық жолы сербиялық сарапшылар қауымдастығының қызығушылығын тудырды, осыған байланысты серб тарапы Қазақстанның академиялық және «талдау орталықтарымен» әріптестікті дамытуға үміттенеді.
Кездесу қорытындысы бойынша, сербиялық шолушыларды Қазақстанда болып жатқан ішкі саяси үдерістермен, сондай-ақ еліміздің сыртқы саяси басымдықтарымен таныстыруға бағытталған бірқатар тәжірибелік жобаны іске асыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Халықаралық саясат және экономика институты – 1947 жылы құрылған және халықаралық қатынастарды зерттеуге арналған Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ең көне ғылыми-зерттеу институттарының бірі.
Бұдан бөлек Қазақстанның Чехиядағы елшісі Бақыт Дүйсенбаев көрнекті саясаткер және экономист, Чехияның экс-президенті Вацлав Клауспен кездесті. Әңгіме барысында халықаралық және ішкі саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелері, сондай-ақ Қазақстан мен Чехияның талдау орталықтары арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Қазақстан дипломаты сұхбаттасушыны Қазақстандағы қазіргі сәттегі жағдаймен және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен саяси және экономикалық реформалардың барысымен егжей-тегжейлі таныстырды. Атап айтқанда, референдум аясында қабылданған Конституцияға енгізілген өзгерістерді түсіндіріп, сайлау заңнамасындағы прогрессивті жаңалықтарды атап өтті. Экономикалық өсуді ынталандыру шаралары және Ұлттық әл-ауқатты жақсарту жөніндегі басқа да маңызды қадамдар туралы хабардар етті. Сондай-ақ Қазақстан елшісі Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген кең көлемді сұхбатының негізгі тұстарымен таныстырды.
В.Клаус Қазақстанның жаһандық және өңірлік деңгейде қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалады және қазақстандық талдау орталықтарымен өзара іс-қимыл орнатуға қызығушылық білдірді.

Талғат Нұрханов

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.