ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

0 5

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық бас басылым – «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатын аса зор ықыласпен оқып шықтым. Онда бәріміздің ойымызда жүрген сауалдарға орнықты жауаптар қайтарылғанына шынайы көңілмен разы болдым.

Сұхбатта саяси ахуал, алдағы міндеттер, Қаңтар оқиғасы, заң үстемдігі, демократия қағидаттары, Президент сайлауы, Үкімет жұмысы, энергетикалық қауіпсіздік, тағы басқа бағыттармен бірге экономика тақырыбының қозғалғанын өте құптарлық жағдай деп түсінемін. Әлбетте, ел-жұртымыз қашанда қоғамның ақиқатын күтеді. Сол ақиқатты Мемлекет басшысының өзі айтты.
Ал экономика мәселесіне келсек, Мемлекет басшысының айтуынша, ауқымды өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру және инвестиция тарту – ең маңызды міндеттер. Бұл міндетті орындауға жекешелендіру мен активтерді қайтару науқандары да септігін тигізбек. Аталған сұхбатта: «Қомақты инвестиция болса, экономика қарқыны үдей түседі және жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Осы орайда мен жақында Инвестиция штабын құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл штабқа еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды сапалы жүзеге асыру үшін ауқымды өкілеттік берілген», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Сонымен қатар сұхбатта атап көрсетілген Салық кодексі мен Бюджет кодексінің де тиімділігін атап өткен жөн. Квазимемлекеттік сектордың ықпалын арттыру да – басты назарда. Осының бәрі мақсаткерлікпен іске асқан жағдайда барлық міндет орындалмақ.

Рүстем БЕГАЛИЕВ,
аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы

Жамбыл ауданы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.