Министр қазақстандықтардың интернеттен қандай тауарларды жиі сатып алатынын айтты

2023 жылғы 11 айда электронды сауда көлемі 2 трлн 183,1 млн теңге болды

0 44

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қазақстандықтар интернеттен қандай тауарларды жиі сатып алатынын айтты, деп хабарлады «AR-AI» тілшісі  Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 2022 жылғы қорытынды бойынша Қазақстанда электрондық сауданың үлесі 12,5% болып, 1 млрд 963 млн теңгеге жеткен.

2022 жылдың қорытындысы бойынша электронды сауда қызметтер нарығының көлемі 1,2 трлн теңге болды. Оның 50,3%-ы жолаушыларды тасымалдау қызметіне тиесілі.

«2023 жылғы 11 айда электронды сауда көлемі шамамен 2 трлн 183,1 млн теңге немесе бөлшек көлемінен 13% (16 мрлд 793,1 теңге) болды», — деді Арман Шаққалиев.

Интернет арқылы өткізілген негізгі тауарлар – үй тауарлары, киім және аяқ киім, тамақ өнімдері, косметика, дәрі-дәрмектер, — деді министр Үкімет отырысында.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.