Үздік қызметкерлер марапатталды

0 55

25-қазан Республика күніне орай облыс орталығындағы Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде ауқымды шара өтті.

Шара барысында өз қызметін мінсіз атқарып жүрген әрі Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға үлес қосқан бірқатар жамдылдық қызметкерлер марапатталды. Бұл күні сондай-ақ саланың дамуына еңбек сіңірген оннан аса ардагерлерге де құрмет көрсетілді. Салтанатты шараның ашылу рәсімінде сөз алған департамент бастығының орынбасары, әділет полковнигі Қанат Жарылғапов жиналғандарды мерейлі мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

— Республика күні 13 жылдан кейін қайта тойланғалы отыр. Мерейлі мереке қарсаңында Сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға қызметте табыс, жанұяларыңызға амандық тілеймін, — деді Қанат Шамарданұлы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.