Қасым-Жомарт Тоқаев көпшіліктің алдында шеге майыстырды (ВИДЕО)

0 139

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына барған сапарында Қонаев қаласының жұртшылығымен кездескен еді. Сол сәтте ол көпшіліктің алдында күшін де сынап көрді деп жазды Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Кездесуде палуан Тимур Спатаев Қонаев қаласында шеге майыстырып, оны президентке тарту етті. Қара күш иесін президентке белгілі ережесіз жекпе-жек шебері Ардақ Назаров: «Біздің Қажымұқанымыз ғой», — деп таныстырды.

Қонаев қаласына хош келдіңіз! Рұқсат етсеңіз, қазақ елінің бірлігі, ынтымағы ретінде мына екі темірді біріктірейін, — деді өз кезегінде Тимур Спатаев.

Одан кейін мемлекет басшысы да спортшының әрекетін қайталап, бір шегені өзі майыстырып көрсетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.