Сайлау-2022: қазақстандықтар барлығына қарсы дауыс бере алады

0 40

20 қарашада өтетін Қазақстан Президентінің сайлау бюллетеньдерінде «барлығына қарсы» деген баған пайда болады, — деп хабарлайды Arainfo тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

«Барлығына қарсы» бағаны заң бойынша қарастырылған. Әрине, ол болады. Азамат бірде-бір кандидатты таңдамаса, барлығына қарсы дауыс беруге құқылы», — деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бағанды енгізу туралы 21 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын.

«Сайлау бюллетеньдерінде «барлығына қарсы» деген баған пайда болды», — деп мәлімдеген еді Тоқаев.

Еске салайық, бұған дейін кезектен тыс президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болғаны хабарланған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.