Президенттікке кандидаттар емтиханы жалғасып жатыр — ОСК
Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттар үшін қазақ тілін білу емтиханы жалғасып жатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Arainfo Tengrinews.kz тілшісі.
«Емтихандар жоспар бойынша жүріп жатыр. Сондай-ақ, кейбір үміткерлер қазақ тілін білуге емтихан тапсырып үлгерді. Болашақта әрбір кандидатпен өткен кездесу туралы жариялайтын боламыз және кездесулер сіздердің қатысуларыңызбен өтеді. Кездесуде барлығын егжей-тегжейлі баяндаймыз», — деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман.
ОСК 11 қазан сағат 18:00-де президенттікке кандидаттардың құжаттарын қабылдау аяқталғанын айтты.