Ресейдегі қазақстандықтар президент сайлауында дауыс бере алатын орындар аталды
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі 20 қарашада өтетін президент сайлауында қазақстандықтар дауыс бере алатын сайлау учаскелерінің мекенжайын жариялады, — деп хабарлайды Arainfo Tengrinews.kz тілшісі.
Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Ресейдегі Қазақстан елшілігіндегі № 265 сайлау учаскесінде дауыс беруге қатыса алады.
«Учаскенің жұмыс режимі: Мәскеу уақыты бойынша сағат 7:00 — 20:00. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Мәскеу, Чистопрудный бульвары, 3 «А» (Қазақстан Республикасы елшілігінің ғимараты).
Сайлау учаскесіне барған кезде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы қажет», — делінген хабарламада.