Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев талаптарға сай екені айтылды

0 44

Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан (ЖСДП) президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев талаптарға сай келетінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Конституция және «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» конституциялық заңда қойылған талаптарға сай келетіні анықталды», — делінген ОСК хабарламасында.

Еске салайық, 1 қазанда Нұрлан Әуесбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан (ЖСДП) президенттікке кандидат ретінде ұсынылған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.