Биыл қазақстандық ЖОО-лар бірқатар рейтингіде үздіктер қатарынан көрінді

0 110

Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS рейтингтік агенттігінің аймақтық директоры Сергей Христолюбов еліміздегі жоғару оқу орындарының рейтингі жайлы айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметіне қарағанда, Болон процесінің бақылау тобы өкілдерінің қатысуымен өткен Орталық Азия ЖОО ректорларының конференциясында Сергей Христолюбов 2022 жылы қазақстандық университеттер түрлі рейтингіде жетістіктерін көрсеткенін баяндады.

«Әлемдегі ең үздік университеттердің негізгі рейтингінде қазір 16 қазақстандық ЖОО бар екенін білеміз. Бұл Қазақстандағы білім беру жүйесі тарихындағы абсолютті рекорд. Үздік университеттердің аймақтық рейтингіне 33 қазақстандық жоғары оқу орны кіреді. Бұл да Қазақстандағы жоғары білім тарихындағы ең жоғары рейтинг. Белгілі бір пәндер бойынша үздік университеттер рейтингіне 6 ЖОО енді. Үздік студенттік қалалар рейтингіне Қазақстанның екі қаласы, яғни Алматы мен Астана енді. Осы орайда студенттер оқығысы келетін және жақсы көретін 105 қаланың екеуі Қазақстанда орналасқан», — деді аймақтық директор.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.