Қазақстан азаматтығын алуға қанша ресейлік өтініш бергені айтылды
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстан азаматтығын алуға қанша ресейлік өтініш бергенін айтты, — деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазақстан азаматтығын алуға бар болғаны 68 өтініш түскен. Азаматтық алудың белгілі бір процедуралары бар, олар сол арқылы өтеді», — деді Ахметжанов.
Сондай-ақ, министрден Ішкі істер министрлігі адамдарды деструктивті топтарда бар жоғын ажырататын сынақтан өткізе ме деген сұрақ қойылды.
«Әрине, барлығы бақылауда. Егер мұндай жағдайлар болса, тиісті шаралар қолданылады», — деп жауап берді ол.