Қазақстанда жеке тұлғаларға мүлік салығын төлеу мерзімі өзгерді

0 75

Қазақстанда жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеу мерзімі кейінге шегерілді, — деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жеке мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазандағы демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 2022 жылдың 3 қазанына шегерілді.

Салық кодексінің 38-бабының 2-тармағының нормасына сәйкес, егер салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда төлемді төлеу мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады», — делінген хабарламада.

1 қазанға дейін төлей алмаған азаматтар салық сомасын бүгін төлей алады. Пайыздарды есептеу 2022 жылдың 4 қазанында басталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.