Психологиялық тренингтердің маңызы зор

0 44

Жаза басып жаңылып, түзеу мекемесіне тоғытылғандарға ең алдымен психологиялық көмек көрсетіледі. Арнайы мамандар жазасын өтеуші жабық мекемеге келген күннен бастап психодиогностика жұмыстарын жүргізіліп, психологиялық портрет жасалады. Осылайша, олардың мінез-құлқы, ерекшелігі, өз-өзін бағалау қасиеттері анықталады.

№26 түзеу мекемесінде сотталғандар арасында психологиялық тренингтік сабақтары жиі жүргізіледі. Тренинг барысында кеңес беру, топтық және жеке психокоррекциялық жұмыстары жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қорыта айтқанда, мұның бәрі жазасын өтеушілер арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің алдын алып, еркін өмірге бейімделуіне өз септігін тигізеді. Айта кетейік, сотталғандардың өз-өзіне зақым келтіру қаупін анықтауда «Ақ сұңқар» психодиогностикалық аппараты маңызды рөл атқарады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.