Қырғызстанда 19 қыркүйек Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды

0 53

Тәжікстанмен арадағы шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде болған қарулы қақтығыстың кісі өліміне әкеліп соғуына байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров осы сипаттағы Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Arainfo тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Ұлттық аза тұту күні елдің бүкіл аумағында, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің ғимараттарында Қырғыз Республикасының мемлекеттік тулары төменге түсіріледі; мәдени ошақтар мен теле-радиокомпанияларға ойын-сауық іс-шаралары мен бағдарламаларын ұйымдастырып, таратуға тыйым салынады.

Қырғыз Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс салдарынан 36 азамат қаза тапқан.

17 қыркүйек Қырғызстанның Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.