КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖОҒАРЫ

0 95

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары биыл Түркияның Изник қаласында 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді. Жалпы, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – Қырғыз Республикасының бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды шара. Түркі әлемінің назарын аударған дода алғаш рет 2014 жылы өткен болатын. 

Санаулы күндерден кейін жалауын желбірететін түркітілдес халықтардың ынтымақтастығын нығайтуды, әлемге көшпенділердің мәдениеті мен салт-дәстүрін танытуды мақсат еткен айтулы аламанға ел спортшылары қызу дайындық үстінде.

Жуырда көкпардан ҚР Ұлттық құрамасы бірнеше айға созылған оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Тамыз айында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Олимпиадалық даярлау орталығында физикалық тұрғыда шыныққан көкпаршылар 7-20 тамыз аралығында Тараз қаласындағы «Атлетик» спорт кешенінде дайындықтарын пысықтады.

Ұлттық құрама көкпардан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Абылайхан Нышанбеков, көкпардан Азия чемпионы, 2018 жылы өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында «Ғасыр ойыншысы» атанған Құрманбек Тұрғанбек сынды тас тақым шабандоз жастардан жасақталған. Сондай-ақ еліміздің намысын Нұрқасқа, Бүркіт, Заңғар, Найман, Кәмпит, Қаршыға сынды үздік аттар қорғайтын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.