Дерт дендемесін десеңіз..

0 26

Екі жылдан бері әлем елдерін алаңдатып келген COVID-19 жұқпасы респираторлық тұмау ауруларының дамуына әкелетіндігімен де қауіпті. Ең алдымен індетті жұқтырған адаммен жақын байланыс орнату, яғни келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ сілекей тамшылары арқылы тарайды. Бұл дерт адамның өкпе жолдарын зақымдайды. Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, жөтелу, тыныс алудың қиындауынан басталады.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, аурудың белгілері шамамен 5 күннен кейін біліне бастайды. Кей адамдарда бұл кезең одан ұзақ болуы мүмкін. БДҰ мәлімдемесі бойынша, инкубациялық кезең 14 күнге дейін созылады. Өзге де дәрігерлердің анықтамасы бойынша бұл кезең 24 күнге дейін созылуы мүмкін.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, қауіпті індеттің алдын алу шаралары өз өміріңізбен қоса өзгелерді де сақтандырудың кепілі. Сондықтан барынша сақтық шараларын ұстануды дәрігерлер жиі ескертеді. Иммунитетті нығайтып, салауатты өмір салтын ұстану, ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдармен тамақтану кеселден қорғанудың тиімді жолы.
Медициналық маскаларды қолданған кезде де сақтану керек. Алдымен қолды алкоголь негізіндегі өнімдермен немесе сабынмен жуу қажет. Масканы байламдармен немесе серпінді жолақтармен ұстап, ақ жағын ішке қарай бетке жақындатыңыз және оны байламдармен (серпінді жолақтармен) беттің төменгі бөлігі толығымен жабылған күйде бекітіңіз. Соңында, қалаған пішінді бетке ыңғайлы тағыңыз. Масканың алдыңғы жағына тигізбестен, артқы жағынан байламдарды (серпінді жолақ) ұстап, шешіңіз. Алынған масканы қоқыс контейнеріне тастаңыз. Қолды сабынмен жуыңыз немесе алкогольді негізделген өнімді қолданыңыз.
Бетпердені екі сағаттан артық қолдануға болмайды. Маска дымқыл болған жағдайда, дереу ауыстырыңыз, тіпті қолданғаннан екі сағаттан аз уақыт өтсе де. Қолданылғаннан кейін немесе масканы қолданудың алдында қолды сабынмен жуып немесе алкогольді өнімді қолдану қажет. Бір реттік маскаларды қайта пайдалануға болмайды.
Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйде болыңыз. Егер сізде қызба, жөтел және ентігу болса, дәрігерге хабарласыңыз. Тыныс жолдарының инфекциясы, оның ішінде тұмау және коронавирус инфекциясы (қызба, қалтырау, әлсіздік, бас ауруы, мұрынның бітелуі, конъюнктивит, жөтел, тыныс алу, бұлшықет ауруы және денеде «ауру сезімі») болған жағдайда үйде болыңыз және дәрігерді үйге шақырыңыз.

Гулам Умаров,
облыстық қан орталығының директоры

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.