ШЫҰ саммитіне барған мемлекет басшылары бейресми кездесті
Өзбекстанға Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзге мемлекет басшыларымен бірге Самарқандтағы «Мәңгілік қала» кешеніндегі көрмелер мен шығыс базарын аралады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мәңгілік қала» кешенінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің атынан ШЫҰ саммитіне қатысушыларды қабылдау ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, мемлекет басшылары бейресми кездесу барысында өзбек ұлттық тағамдарынан дәм татып, қаланы аралаған.