Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады

0 43

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады.

«Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр.

Өзбекстанда Президент басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді», — делінген ұсынылған хабарламада.

Еске салайық, 7 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі жөнінде әңгімелескен болатын.

Осыған дейін Самарқанд облысы ішкі істер департаменті 14-17 қыркүйекте ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты Өзбекстан тұрғындары мен қонақтарына Самарқанд қаласына сапарды кейінге шегеруді ұсынған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.