«ҚАРЛЫҒАШТАР МЕКЕНІ»

0 33

Белгілі ақын, танымал тележурналист Ғайни Әлімбекқызының «Қарлығаштар мекені» атты жаңа жыр жинағының тұсаукесері «Анаға тағзым» орталығында өтті. Өлеңсүйер қауым жиналған әдеби кеште ақынның өлеңіне жазылған әндер шырқалып, студенттер мен оқушылар жырларын мәнерлеп оқыды.

Ақынмен шығармашылық байланыста жаңа әндерді дүниеге әкелген сазгер Дүйсенәлі Бықыбаев:
– Сыршыл ақын Ғайнимен біраз жылдан бері шығармашылық байланыстамыз. Өлеңдері адамға жылылық беретін тазалығымен, мөлдірлігімен өміршең. Алдағы уақытта да оқырманды сүйсінтер өлеңдерді күтеміз, – деп тілектестігін білдірді.
Жаңа кітаптың «Қарлығаштар мекені» деп аталуы да жылылықты, адалдықты сездіреді. Жинақтағы өлеңдер де Отанға, елге, адамға деген махаббатқа құрылған. Лирик ақынның поэзия кешіне келген оқырмандар да оның жанының тазалығын, мейірім тұнған жүрегінен туған жырлардың тұнықтықпен өрілген әсемдігін айтып, тілектерін ақтарды. Бұл кешке тек өз өңірімізден ғана емес, Алматы мен Түркістаннан келген қонақтар да қатысты.

«AR-AI-ақпарат

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Your email address will not be published.