Жаңалықтар

Әдептілік әдетке айналса игі

Әдептілік әдетке айналса игі

Байзақ ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің көшпелі отырысы өтті. Күн тәртібінде 8 мәселе қаралса, оның екеуі тәртіптік іс. Жиында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің облыс бойынша департаменті әдеп жөніндегі уәкілінің өткен жылдың қорытындысы мен биылғы жылдың өткен кезеңінде атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманың сақталуына жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы бөлім басшысының есебі қаралды. Одан бөлек орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдерінің биылғы жылдың 9 айында атқарған жұмыстарына жасалған талдаудың қорытындылары мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне еңбек демалысын беру, іссапар шығындарын төлеу барысында заңнама талаптарының, сондай-ақ сыйақы алу кезіндегі құқықтардың сақталуына жүргізілген талдаулардың нәтижелері талқыланды.