Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
2023 жылғы 14 қарашадағы 04:30 сағатта Тараз станциясынан Түркістан облысы, Шардара ауданы, Достық елді-мекен тұрғыны, 1981 ж.т. азамат Усербаев Оразхан Болысбаевич әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін №72 «Шымкент-Астана» жолаушылар пойызының бастығының актісімен тиісті шара қолдану үшін пойыздан түсірілген. Аталған азамат жол жүру барысында ішімдік ішіп, қоғамдық орында адамның қадір қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтындай мас күйде болып түн тыныштығын бұзған. Сондай-ақ 72 «Шымкент-Астана» жолаушылар пойызының №19 вагоны №33 орнында келе жатқан жолашы Ж. Еримбетованың арқасынан сипалап, жеке тұлғаға зәбірлеп тиіскен. Тараз станциясындағы көлік полиция қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабы 1-бөлігі бойынша қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылып 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды және ҚР ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі бойынша қоғамдық орындарда жеке тұлғаларға зәбірлеп тиіскені үшін әкімшілік хаттама толтырылып, Жамбыл облысының Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына іс-құжаттар жолданды. Сотпен аталған азамат ҚР ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзғаны үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Тараз станциясы желілік полиция бөлімі