Мүлік иелерінің бірлестіктерін тіркеу
Мүлік иелерінің бірлестіктерін тіркеу
Бүгінгі күнге Жамбыл облысы аумағында 213 МИБ тіркелген. ПИК пен МИБ айырмашылығы – тұрғындар тек өз үйлерін басқарады. Бұл оларға күрделі жөндеуге қаражат жинауға, қаражаттың түсуіне мониторинг жүргізуге және «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидаты бойынша олардың мақсатты жұмсалуына мүмкіндік береді. ПИК жағдайында барлық үйлерден жиналған барлық қаражат жалпы шотқа түседі, бұл олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік бермейді. Егер ПИК бір мезгілде көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін күтіп ұстау бойынша қызметтерге Тапсырыс беруші және мердігер болса, МИБ тек Тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді. Осылайша, МИБ-тің келесі артықшылықтарын ажыратуға болады. Біріншісі – МИБ көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарынан тұрады, мұнда бөгде адамдар жоқ. Екіншісі – МИБ төрағасы мен үй кеңесі тек өзінің көппәтерлі тұрғын үйі, тұрғын емес үй-жайларының иелері арасынан сайланады. Үшіншісі – ағымдағы және жинақ шоттары МИБ-ке ашылады. Бұдан әрі – ақша қаражатының қозғалысына мониторингті МИБ төрағасы және үй кеңесі жүзеге асырады. Бұдан басқа, сервистік қызмет субъектісімен шартты МИБ төрағасы бір жылға жасайды. МИБ төрағасы ай сайын тұрғындарға атқарылған жұмыс туралы есеп береді. Содан кейін, кондоминиум объектісі тіркелмеген жағдайда көппәтерлі тұрғын үй (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) жұмыс істейтін мемлекеттік техникалық тексеруді жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізу үшін әкімдікке жүгінуге құқығы бар. Соңғысы – МИБ жүгінген кезде әкімдік кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар мен көппәтерлі тұрғын үйдің астында орналасқан жер учаскесіне құжаттар дайындау бойынша шығыстарды да дайындайды және өтейді. МИБ құру алгоритмі келесідей. Біріншіден, жиналысты бастау керек. Жиналыстың бастамашысы пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жалпы санының кемінде 10 пайызын құрайтын бастамашыл топ бола алады. Бастамашыл топтың заңдылығы үшін жиналысты шақыру туралы хабарламаны үлгілік нысанға сәйкес ресімдеу қажет. Егер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері бастамашыл топ құра алмаса, онда тұрғын үй инспекциясы жиналысты бастайды. Алдағы жиналыс туралы хабарландыруды кем дегенде 10 күн бұрын қоғамдық орындарда орналастыру қажет. Сондай-ақ мүдделі тараптар жиналыс туралы жеке, сондай-ақ электрондық пошта немесе ұялы байланыс арқылы хабардар етіледі. Екіншісі – жиналыс қалай өткізіледі? Жиналыс барлық меншік иелерінің жартысынан көбі кворуммен қамтамасыз етілуі керек және шешімдер қатысушылардың көпшілігінің келісімімен қабылданады. Жиналыста МИБ құруға, меншік иелерінің арасынан МИБ төрағасын (бір жылға) таңдауға, меншік иелері арасынан кемінде үш адамнан (үш жылға) үй кеңесін, меншік иелері арасынан кемінде үш адамнан (үш жылға) тексеру комиссиясын, МИБ Жарғысын бекітуге не МИБ негізінде қызметті жүзеге асыруға дауыс беру қажет Үлгі жарғы. Жиналысты өткізу нәтижелері хаттамамен ресімделеді. Кворум болмаған жағдайда, жазбаша сауалнама жүргізіледі. Жазбаша сауалнама парағы жазбаша сауалнама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 7 күн ішінде әрбір меншік иесіне қолма-қол не электрондық пошта арқылы жіберіледі. Жазбаша сауалнама жиналыс жарияланған күннен бастап 1 айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Жазбаша сауалнама жүргізу нәтижелері хаттамамен ресімделеді. Келесі кезең – құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығына (әрі қарай – ХҚКО) тапсыру. Құжаттар топтамасы заңды тұлға ретінде тіркелу үшін ХҚКО-ға тапсырылады. Бұл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш, дауыс беру парақтары бар хаттама, жарғы-мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 данадан, Жарғыға сәйкес қызмет туралы өтініш. Сондай-ақ 1 АЕК мөлшерінде мемлекеттік БАЖ төленеді. Ж.АСАНБАЕВ, Жамбыл облыстық әділет департаментінің бас маманы