200 мың теңге беріп, жейделеріне ақ мата таққан. «Дикий Арман» мен оның сыбайластарының қылмысы белгілі болды

Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Шалабаев атағандай, қылмыскерлер қаланың әртүрлі нүктелерінен 24 азаматты ұрлап, оларды ұрып соққан.
– Оларды «Ритц Карлтон» мен «Қазақстан» қонақүйінінің паркингтерінде ұстаған. Кейіннен жәбірленушілер қала шетіне жеткізіліп, қылмыскерлердің қарулы күзетіне қойыла отырып, металл контейнерлеріне орналастырылды. Дене жарақаты нәтижесінде жәбірленуішінің бірі қайтыс болды. 40 күдікті адам қамауға алынды. Қалған адамдарды анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр, - деді Шалабаев.