Жаңалықтар

Әскерилер түзеу мекемесіне барды

Әскерилер түзеу мекемесіне барды

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің тыныс-тіршілігімен бұған дейін Тараз қалалық арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері танысқанын хабарлаған едік. Ал, бүгін бірқатар әскери қызметкерлер сот үкімімен кінәлі деп танылып, аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жағдайын өз көздерімен көрді. Жалпы, бұл шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Бұл күні әскерилер түзеу мекемесіндегі асхана, кітапхана және басқа да бөлмелерді аралап көрді.