Жүзден жүйрік шыққандар...
Жүзден жүйрік шыққандар...
Марапаттауға «Aulieata media» ЖШС бас директоры Оралхант Дәуіт, Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалив, облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы Хамит Есаман қатысып, шығармашылық бәйгеге түскен журналистер мен ақындарды «Aq jol» газетінің 100 жылдығы және Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтап, салтанатты жағдайда жүлдегерлерге Алғыс хат пен жүлделерін тапсырды. Қорытындысы бойынша төмендегі қатысушылар жеңімпаз деп танылды. 35 жастан жоғарылардың қатысуымен өткен «Aq jol»-аймақ айнасы» тақырыбындағы үздік мақалалар байқауы бойынша І орынды Қазақстанның құрметті журналисі Амангелді Әбіл иеленсе, ІІ орынды «Мұзға айналған көз жасы» шығармасымен қалалық «Jambyl Taraz» газетінің тілшісі Құралай Сейсенбекқызы, ІІІ орынды қордайлық Жанат Сейітова алса, төртінші орынды Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің қызметкері Нұржан Әліш иеленді. Ал осы тақырыпта өткен жарысқа қатысқан 35 жасқа дейінгі қаламгерлердің ішінде І орынды Гүляфрез Сейітжанова, ІІ орынды Ботагөз Бақдәулетқызы, ІІІ орынды Инабат Бақытқызы иеленсе, Айзада Абдуллаеваға ынталандыру сыйлығы бұйырды. «Адалдықты ардақ тұтқан «Aq jol»-ым» атты жыр мүшәйрасынан І орынды «Jambil tv» тілшісі, ақын Жұлдыз Бейсек, ІІ орынды Жамбыл ауданынан Байтанағали Төлентаев, ІІІ орынды ақын Нұржан Қадірәлі иеленсе, ынталандыру сыйлығын Шапағат Әбдір алды. Сонымен қатар «Jambylinfo» ақпараттық агенттігі де әлеуметтік желіде үздік баспасөз хатшыларын анықтау мақсатында өткізген сауалнамасының нәтижесін шығарып, оның да жеңімпаздары марапатталды. Әлеуметтік желідегі халықтың қалаулы баспасөз қызметкерлерінің І орнына облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Толқын Өмірбаева лайық деп табылса, ІІ орынды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова иеленді. Ал ІІІ орынды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы Ғалия Абылай жеңіп алды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтармен қатар арнайы диплом, Алғыс хаттар табыс етілді.
Шапағат ӘБДІР